«Қызыл» статуспен дәмханаға барған астаналық 87,5 мың теңге айыппұл төледі

249

0

Елорда тұрғынына «қызыл» түсті мәртебемен дәмханаға барғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресии сайтына сілтеме жасап.

Үйде оқшаулану режимін бұзғаны үшін оған ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікті көздейтін хаттама толтырылды. Оның санкциясында 87 510 теңге (30 АЕК) айыппұл қарастырылған. Айта кетейік, биылғы жылдың 5 сәуірінен бастап Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарында үй карантинін бұзған 4039 келуші анықталды. Оның ішінде 1888 адамда «қызыл» түсті мәртебе (коронавируспен ауыратындар), 2151 адамда «сары» түсті (науқаспен жақын байланыста болғандар) мәртебе болған. Оның ішінде, 11-27 маусым аралығында үй карантинін бұзған 491 келуші анықталды (247 келушінің – «қызыл» түсті, 244 келушінің – «сары» түсті мәртебесі бар).





 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<