Қызылорда облыстық мәслихатының облыстық сайлау комиссиясының құрамына толықтырулар енгізу туралы хабары

475

0

Қызылорда облыстық мәслихаты облыстық сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған мүшесінің орнына сайлау өтетіндігін хабарлайды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Облыстық сайлау комиссиясының құрамында «Нұр Отан», «Қазақстан халық партиясы», «Ақ жол», «Ауыл»,  «АDAL» саяси партияларынан болғандықтан, олардан басқа саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар қабылданады.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиясы 2022 жылғы  27 қаңтарынан бастап 11 ақпанына дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері облыстық мәслихаттың maslikhat-kzo.kz сайтында орналастырылған.       

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2022 жылғы 27 қаңтары мен 11 ақпаны аралығында дүйсенбі – жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін. Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қаралмайды.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қызылорда қаласы,  Бейбарыс сұлтан көшесі, 1 үй.

Жауапты адам – Махамбетов Ерлан Әнуарбекұлы, каб. № 229, қалааралық телефон коды (87242), қызметтік 60-54-01, ұялы телефоны: 87775700505, факс нөмірі: 60-54-01, электрондық пошта мекенжайы: kyz_oblmaslikhat@mail.kz.

Қызылорда облыстық мәслихаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<