Қызылордада былтыр сыбайлас жемқорлыққа қатысты 61 қылмыс анықталды

192

0

Қызылорда облысында былтыр сыбайлас жемқорлыққа қатысты 61 қылмыс анықталған. Олардың басым бөлігін парақорлық фактісі құрайды.  Бұл туралы «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында өткен брифингте ҚР  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ардақ Ерсейтов мәлімдеді.

Департамент басшысының дерегінше өндірісте 71 қылмыс анықталып, оның 36-сы сотқа жолданған.

«Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 1 млрд теңгеден астам. Өндірілгені –1 млрд теңге. Өткен қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағаны үшін 11 адам сот үкімімен әртүрлі қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – дейді департамент басшысы.

Азаматтардың конституциялық құқықығын бұзуға, қылмыстық істерді қосымша тергеуге  жол берілмеген.

Шара соңында Ардақ Жайдақұлы қылмыстық-процестік кодексінің 200 бабына сәйкес 61 ұсыныс енгізіліп236тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын баяндады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз