Қызылордада мониторинг тобы 2 үйлену тойын тоқтатты

555

1

Қызылордада карантин талабы сақталуын қадағалайтын мониторинг топ мүшелері үйлену тойын жасаған 2 тұрғынға әкімшілік хаттама толтырды.

Мониторинг топ мүшелері жыл басынан бері 58 рейд жүргізді. Нәтижесінде 2 536 нысан қамтылып, онда 163 карантин талабын бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде 83-і халыққа қызмет көрсету нысандарында тіркелсе, 45-і үйде өткізілген көпшілік іс-шаралар саналады. Сондай-ақ, білім беру нысандарында – 30, медициналық мекемелерде – 3 карантин талабын бұзу тіркелген.

«Мониторинг топ мүшелері Жалағаш ауданының орталығында 2 үйлену тойын тоқтатты. Ал Жаңақорған ауданында 3 отбасылық шара ұйымдастырылған. Анықталған деректер негізінде бүгінгі күнге дейін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігімен жалпы сомасы 13 753 655 теңгеге айыппұл салынды. Бұл бойынша заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерге қатысты – 16, лауазымдық тұлғаға – 5, нысандарға қатысы бар жеке тұлғаларға -98 хаттама толтырылған. Қалғаны нысандармен байланысты емес жеке тұлғаларға қатысты болып отыр», – деп мәлім етті Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Еске салсақ, Қызылордада Сырдария ауданы «қызыл» аймаққа енгізілді.

Ә.ҮМБЕТ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<