Қызылордада қарындасы қамаудағы ағасына телефонды бауырсаққа жасырып бермек болған

1022

0

Қызылордадағы тергеу изоляторына бауырсаққа жасырып телефон өткізбек болған қыз анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аспа облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған ағасына қарындасының алып келген сәлем-сауқатын тексерген мекеме қызметкерлері бауырсаққа жасырылған тыйым салынған затты тауып тәркіледі. Қарындасы Nokia маркалы телефоны мен қуаттағыш құрылғысын фольга кағазына орап, бауырсақ ішіне жасырып өткізбек болған. Қамаудағы ағасы ҚР ҚК-нің 106-бабымен 8 жылға бас бостандығынан айырылған», – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес іс-құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<