Қызылордада туристік фестиваль өтті

500

0

Қызылорда облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, «Спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы» жастар қоғамдық бірлестігін тарта отырып, «26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» орай және жазғы демалыс кезеңінде іс-шаралар өткізу аясында «Туризм есірткіге қарсы!» ұранымен балалар арасында туристік фестиваль ұйымдастырды.

Іс-шара нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық–насихаттау жұмысы аясында өтті.

Жарыстың мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің психобелсенді заттардың таралуына және қолданылуына теріс қарым-қатынасын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салты дағдыларын қалыптастыру, өз денсаулығына құндылық қарым-қатынасты, есірткіні қабылдамауды қалыптастыру.

Сондай-ақ психобелсенді заттарды пайдаланудың алғашқы алдын алу жұмыстарын күшейту болып табылды.

Жарысқа қатысушылар «кедергілер жолағынан» өту дағдыларын, сондай-ақ скалодром шыңына көтерілу кезінде альпинистік дайындық дағдыларын және іскерліктерін паштады. Сонымен қатар, жас туристтер өздерінің көркем өнерлерінде көрсетті.

Балалар мен жасөспірімдер туризмі балаларды тәрбиелеудің, оқытудың, сауықтырудың, кәсіптік бағдарлаудың, әлеуметтік бейімделудің, салауатты өмір салтын бекітудің, балалар мен жасөспірімдер тұлғасын дамытудың тиімді жүйесі болып табылады.

Жеңімпаз жас туристер алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<