10-14 наурыз аралығында Германияның Кельн қаласында өткен халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар табысты өнер көрсетті.
Қазақстан ұлттық құрамасы 2 алтын, 4 күміс медальмен жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.
91 келіден жоғары салмақта сынға түскен команда капитаны, қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаев алтын жүлдені еншіледі.





