Қызылордалық сайлаушылардың 28,8 проценті өз таңдауын жасады

330

0

ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына аймақ халқы белсенді қатысуда.

Қазіргі уақытқа дейін яғни сағат 11:00-де сайлаушылардың 28,8 проценті өз таңдауын жасады. Яғни, 141983 адам дауыс берді. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев мәлімдеді.


Жалпы, облыста сайлаушылардың саны – 492198. Бұл аймақ халқының 60,7 пайызы. Өңірде 376 сайлау учаскесі бар. Сайлау комиссиясының 2821мүшесі қызмет көрсетуде. Оның 1128-і арнайы оқу курстарынан өткен болатын. Аймақта 13 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі сайлаушы бар. Олардың учаскеге келіп, өз таңдауын жасауы үшін 30-ға жуық инватакси қызмет көрсетуде.


Айта кетейік, қарт кісілер және науқастығы бар азаматтар үшін жылжымалы жәшік қызмет көрсетуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<