Қызылшаның таралуы бойынша жағдай күрделі – министрлік

499

0

Фото: pixabay.com

Қызылша ауруына шалдыққан қазақстандықтардың дені вакцина алмаған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмагамбетова мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Елімізде қызылшаның таралуы бойынша жағдай күрделі. Жыл басынан бері 11 057 дерек тіркелді. Оның ішінде қызылша жұқтырғандар 83%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, 2,7% жасөспірімдер және 13,8% ересектер. Қызылша ауруы барлық өңірде тіркелді. Атап айтқанда Алматы қаласында – 2031 жағдай, Шымкент қаласында – 2026 жағдай, Жамбыл облысында 392 жағдай және Алматы облысында – 1111 жағдай», – деді Айжан Есамағамбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қызылша жұқтырғандардың дені вакцина алмаған.

«Бұл ретте, 60%-да балалар егуден бас тартуға байланысты, 18,3%-да – медициналық қарсы көрсетілім бойынша, 21%-да егу жасына жетпеуіне байланысты егілмеген. Аурудың алдын алудың бірден-бір шарасы вакцинация болып табылатынын ескере отырып, қызылшаның одан әрі таралуын болдырмау үшін балаларды 6 айдан бастап, сондай-ақ 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды және медицина қызметкерлерін қосымша вакцинациялауды енгізу жоспарланып отыр», – дейді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<