Республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өткізілмек

1863

0

Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай өткізілетін республикалық жазба ақындар мүшәйрасының

ЕРЕЖЕСІ

МҮШӘЙРАНЫҢ ӨТЕТІН УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ОРНЫ:

Жалағаш ауданы әкімдігінің қолдауымен, Жалағаш ауданының мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Мемлекет және қоғам қайраткері, 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбаны Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай «Тәуелсіздік жалаугері – Жүргенов» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы 2023 жылдың қыркүйек айының 22-сі күні Т.Жүргенов ауылдық мәдениет үйінде өткізіледі.

МҮШӘЙРАНЫҢ МАҚСАТЫ:

ТУРКСОЙ халықаралық ұйымының шешімімен 2023 жыл Темірбек Жүргенов жылы деп жарияланды. Түркі жұртына ортақ тұлға Т.Жүргеновтің 125 жылдығы ТУРКСОЙҒА мүше елдерде аталып, мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Темірбек Жүргенов қазақ қоғамының дамуына айырықша еңбек сіңірген, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мемлекетте министр болған жалғыз қазақ. Қазақ ұлтын білім мен ғылымның тереңіне бойлату, әдебиет пен өнердің биігіне көтеру, қазақтың өз алдына тәуелсіз ел болуын аңсаған Алаш арыстарының идеяларын, мақсат-мұраттарын іске асырушы  кесек болмысты тұғырлы тұлға. Ол ХХ ғасырдағы кеңестік Қазақстанның  ағартушысы, білім және мәдениет саласының реформаторы. Қазақ театрының атасы атанған Т.Жүргенов қазақ әдебиетінің өрісін кеңейтіп, мәдени мұраларымызды жаңғыртып, ұлт руханиятын жандандырған жасампаз тұлға. 

Бүгінге дейін ұлт қайраткері туралы жан-жақты ғылыми зерттеулер жасалып, спектакльдер, киносценарийлер, поэзиялық және прозалық шығармалар, деректі фильмдер жарық көрді. Десе де, Темірбек Жүргенов сынды күрделі тұлғаның жүріп өткен өмірі әлі де тыңғылықты зерттеуді қажет етеді. Мүшәйраның мақсаты да: Темірбек Қараұлының ардақты есімін, елі үшін еткен өлшеусіз еңбегін бүгінгі ұрпақтың жадында жаңғырту, қиын да, күрделі һәм ерлікке, өнегеге толы өмірін үлгі ету.

МҮШӘЙРАНЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ

«Тәуелсіздік жалаугері – Жүргенов» тақырыбындағы жазба ақындар мүшәйрасына қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды. Қатысушы үміткер мүшәйраға екі өлең ұсына алады:

1-ші өлең: «Тәуелсіздік жалаугері – Жүргенов» тақырыбында Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновке арнау.

2-ші өлең: Әділетті, жаңа Қазақстан – мақсатым мен мұратым.

Қазылар алқасы мүшәйраға     қатыстырылған

Өлеңдердегітақырыптың толық ашылуына, шығарманың мағынасына, өлең жолдарының өзара ұйқасына, ішкі құрылымына және өлеңнің өз дәрежесінде оқылуына, дауыс мәнеріне мән береді.

МҮШӘЙРА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ

Арнайы құрылған қазылар алқасы бәйгеге түскен өлеңдерді сараптаудан өткізіп, ортақ шешім шығарып, бағалайды. Қазылар алқасы белгіленген жүлделі орындардың барлығын беруге немесе өзгертуге, бір сыйлықты бірнеше жеңімпазға бөліп беруге құқылы.

  • Мүшәйраға қатысушылардың жолақысы, мүшәйраға келгендегі жатын орны, тамақтануы, қаладан ауылға дейінгі тасымалы өз қаражаты есебінен.
  • Іріктелген өлеңдердің авторлары мүшәйраға арнайы шақырылады, Мүшәйраға қатысушы талапкерлер өлеңдерін және өзі туралы қысқаша мәліметті (аты-жөні, тұрғылықты жері) 2023 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін ұйымдастыру бөлімінің нақты мекен-жайына жіберуі тиіс. Алдын-ала арнайы іріктеуден өткен талапкерлердің шығармалары ғана мүшәйраға қатыса алады.  

Шығармаға қойылатын талаптар:

  • Туындының  көркемдік сапасы және тақырыптың өзектілігі;
  • Автордың қайраткердің сан қырлы болмысын ашудағы шеберлігі;

  Бас жүлде – 1 (біреу) – 750.000 теңге

  І орын – 1 (біреу) – 500.000 теңге

  ІІ орын – 1 (біреу) – 400.000 теңге

  ІІІ орын – 2 (екеу) – 600.000 теңге

Мекен-жайымыз: Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, 11 үй.

Жалағаш ауданы мәдениет және спорт бөлімінің «Руханият орталығы» КМҚК

Байланыс телефондары:  /8-724-31/32-6-41; Телефакс: /8-724-31/31-1-94         

Эл.пошта: madeniet_ortalygy@mail.ru

Темірбек Жүргенов жайлы мәліметтер алу үшін Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қор төрағасы Сәби Әбдіқадырұлы Аңсат.

Байланыс телефоны: 8-701-490-45-06  sabiansat@mail.ru 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<