Саран қаласындағы мектепке биометрия турникеті орнатылды деген ақпарат жалған

496

0

Саран қаласындағы мектепке биометрия турникеті орнатылды деген ақпарат жалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысының Саран қаласындағы мектептің бірінде енгізілген жаңашылдық туралы ақпарат тарады. Онда бет-әлпетті тану функциясы бар турникет орнатылған, сондай-ақ ата-аналар оны пайдаланғаны үшін ақы төлеуге мәжбүр. Қарағанды облысының Білім басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл фейк. Турникет адамның бет-әлпетін танымайды, олар дене температурасын өлшеуге арналған. Ата-аналар ол үшін ақша төлемейді», деп хабарлады ведомстводан.

Бұған дейін мұндай турникеттер өңірдің басқа мектептерінде де орнатылған. Қарағанды қаласының №104 мектеп-лицейінде орнатылған алғашқы турникет туралы ақпарат Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Құрылғы бір уақытта 30 адамның дене температурасын анықтай алады. Егер біреуінің температурасы 37 градустан жоғары болса, кіруге жол берілмейді. Демек, құрылғылар адамның бетін тани алмайды.

«Ата-аналарды жаңа турникеттерді пайдаланғаны үшін ақша төлеуге міндеттейтіні» туралы ақпарат та фейк

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<