Сарқылмайтын жылылық, ана аты – ұлылық

179

0

Фото: Шиелі ауданының әкімдігі

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай түрлі салада табысты қызмет етіп, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосқан аналардың қатысуымен салтанатты кеш өтті.

Салтанатты жиынға аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы Ахатов қатысып, барша аналарды төл мерекелерімен құттықтап, алғысын жектізді. Әрі есімі ел есінде сақталған аналарға әрдайым аудан тарапынан құрмет көрсетіліп келе жатқандығын, 95 жылдық мерейтой аясында Жадыра Таспамбетова, Фируза Жүсіпова, Ұлбала Алтайбаева сынды апаларымыздың құрметіне көптеген кештер өткізілгендігін айтты.Мұнан соң, жиын ауданымыздың мәдениет қызметкерлері ұйымдастырған ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін қойылымдармен, жалғасын тапты.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<