Сенат депутаты Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

737

0

Достық үйінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Дөңгелек үстелдегі басқосуды облыстық Қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Сайлыбаев жүргізді.

Іссапармен туған топыраққа табан тіреген Сенат депутаты кеңес мүшелерінің бірқатар ұсыныстарын тыңдап, алдағы уақытта күрделі істің шешімін табу мақсатында жұмыс жасайтынын жеткізді. Кеңес мүшелері өз кезегінде Ақмарал Шәріпбайқызын жаңа қызметімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Қоғамдық кеңес мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс – қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы берілген тапсырмалар мен ҚР Қоғамдық кеңестер туралы заңын талқылап, экология, ауыл шаруашылығы, жол, денсаулық сақтау саласы тақырыптары бойынша облысымыздағы өзекті мәселелерді ортаға салды.

Облыстық Қоғамдық кеңес

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<