Серік Дүйсенбаев: «Екпеден бас тарту – ертеңге қауіп»

614

0

Бүгін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев  коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» екпесінің бірінші  компонентін қабылдады және денсаулығына ешқандай шағымы жоқ екенін айтты.

– Өңір қайтадан «қызыл аймақта». Халық босаңсыған тұста кесел қайта күшіне мінді. Бірақ, әлі де «Көп болса айыппұл төлерміз» деп той-жиыннан тыйылғанымыз шамалы. Бетперде бірде бар, бірде жоқ. Екпе десе екіойлымыз. Бұл қателіктен сабақ алмағанымызды көрсетеді. Әрбір азамат жауапкершілікті сезініп, өзгенің өміріне қауіп төндірмесе, қажетті кеңеске құлақ асса деймін. Сақтық маңызды, – деді Серік Дүйсенбаев.

Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы тұрғындар әлі күнге дейін вакцинаға күмәнмен қарайтынын алға тартты. «Бұл көпшіліктің шараның қаншалықты маңызды екенін толық түсінбеуінен деп білемін. Мен де соңғы ахуалды саралап, екпе алдым, ешқандай жағымсыз әсер болған жоқ. Мамандар бастапқы үш күнде сақтану керек, яғни суға түсуге, адам көп шоғырланатын  жерлерге баруға болмайтынын айтты. Жалпы, кім-кім де карантин талабын сақтап, оған қоса індетке қарсы егілсе, біз одан тез құтыламыз деп ойлаймын. «Жасыл аймақта» тұрақтаудың жалғыз жолы – екпе алу» дейді Серік Әбішұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<