Серіктестік орнату мәселелері талқыланды

4

0

Облыс әкімдігінде өткен мәжілісте «Roca Group» компаниясымен серіктестік орнату мәселелері талқыланды. «Roca Group» компаниясының бас директоры Даниэль Хурадо Эрнандес, облыстық құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Манарбек Еспенбетов пен құрылыс компанияларының басшылары әріптестік байланыс орнатудың маңызына тоқталды.

Жиында облыс әкімі Мұрат Ергешбаев инвестициялық әлеуетті арттыру және шикізат өндірісін да­мытуда алдағы міндеттерді атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде жаңа ин­вес­тициялық кезеңді бастауды, әсіресе заманауи өндірістер ашуды тапсырғаны белгілі. Осының айқын көрінісі ретінде бүгін аймағымыз үшін маңызды жоба – «Roca Group» ком­паниясының за­манауи санитарлық-тех­никалық бұ­йымдар шығару зауы­тының іргетасын қаладық.

Компания 170 елде орналасқан 78 өндірістік алаңды басқарады, өнім­де­рінің жоғары сапасымен, инно­вация­ларымен және еуропалық стандарт­тарға сәйкестігімен танымал.

Зауыт құрылысының басталуы – Қызылорда облысының өндірістік әлеуетін арттырып қана қоймай, аймаққа жаңа технологиялар мен ха­лық­аралық тәжірибені алып келетін маңызды қадам. Қазіргі уақытта мем­лекеттік қолдау ретінде 24 гектар жер телімі бөлінді. Компания жыл соңына дейін смесительдер мен инстал­ляция­лық жүйелерді құрас­ты­ратын өндірісті іске қосады, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Мәжілісте «Roca Group» компа­ниясының өкілдері жұмыстарын та­ныс­­тырып, Қызылорда облысының құ­ры­лысшылар қауымдастығы ара­сын­да өзара ынтымақтастық туралы мемо­рандумға қол қойылды.

«СБ» ақпарат