Шариғат балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді – ҚМДБ

393

0

Фото: Freepik

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушы қыздардың мектепке орамалмен баруына қатысты туындаған мәселеге өз мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл сайын жаңа оқу жылы басталысымен қыз балалардың мектепке хиджабпен баруына рұқсат ету мәселесі қызу талқыланады. Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пікір қосып, мектеп формасы бұйрығын ұстану керегін айтқан еді.

«Иманды, білімді ұрпақ тәрбиелеу – әрбір ата-ананың басты мақсаты. Шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу – парыз. Сол секілді білім алудың да үкімі – парыз.

Мүфтият шариғат бойынша балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін жоққа шығарған емес. Сондай-ақ орамал тағу ұлттық дәстүріміз. Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс. Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек», – деп жазылған мүфтият мәлімдемесінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<