Шет тілін білу – заман талабы

667

0

Фото: ашық дереккөз

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ағылшын тілі – байланыс тілі. Халықаралық сипаттағы ағылшын тілінің рөлі артуда.

Мектеп табалдырығынан бастап ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Әсіресе ағылшын тілін білген оқушы терең білім алуға, ізденуге ұмтылады. Сондықтан педагог оқушылардың сабаққа, ағылшын тіліне қызығушылығын арттыру үшін шет ел оқытуышыларымен онлайн дәрістер өткізсе оңтайлы болмақ. Ағылшын тілінде түрлі тақырыпта бейнероликтер көрсетіп, оқушылардың бір-бірімен еркін диалогқа түсуін ұйымдастыра білген педагог, көп кешікпей еңбегінің нәтижесін көреді. Себебі ағылшын тілі оқушы түгіл ересек адамды қызықтырып алады.

Бүгінгі оқушы — ертеңгі маман. Сондықтан олардың тіл үйренудің пайдасы ұшан-теңіз екенін ұққаны абзал. Барлық пән бойынша өзіне қажет ақпаратты ағылшын тілінде іздеп тауып, аударып оқыса, бұл оқушының мәтінді аударуға деген қызығушылығын да оятады. Тіл білген талапкер ертеңгі күні мамандығын жетік меңгеріп, оны одан әрі қарай да дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор.

Алтынай ӘБІЛДАЕВА,
Жалағаш аудандық білім бөлімінің әдіскері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<