Пәндік құзыреттіліктерін дамытуда

986

0

Білім сапасын арттыруда пәннің мазмұнын меңгерген, оқушылардың білімін дамытудың әдістемелік тәсілдерін шебер қолданатын мұғалім ғана жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Осы орайда, «Өрлеу» облыстық филиалында 19-30 қыркүйек аралығында орта білім беру ұйымдарының химия пәні мұғалімдеріне және 10-11 сыныптарға арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.

Курс жаңартылған мазмұнның қиын тақырыптары бойынша химия пәні мұғалімдерінің пәндік және әдістемелік құзыреттіліктерінің сапасын арттыруды көздейді.

Курс жетекшісі, аға оқытушы Жанар Жубауова білім берудегі нәтижеге ең алдымен педагогикалық жағдайлар әсер ететінін ескеріп, аудитория қажеттілігіне сай тиімді әдістер мен тәсілдерді шебер қолдана алды. Яғни, маңызды педагогикалық жағдайлардың қатарына мұғалімнің дайындық сапасы жататыны белгілі. Сондықтан да курс пәннің мазмұнын, қиындық келтіретін тақырыптарды тиімді оқытуға бағытталған.

Курс барысында педагогтердің білім беру бағдарламасын, оқушылардың білімін дамытудың әдістемелік тәсілдерін табысты меңгеруіне сәттілік тілейміз!

Жанар Жубауова,

«Өрлеу» облыстық

филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<