Құрметке лайық жандар

211

0

Фото: автордан

«Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» –деп тегін айтпаған Денсаулық-өмір,өмірдің әр күні қайталанбас мүмкіндік, Бұл он екі мүшенің амандығына,деніңнің саулығына,әр алған демің,көргенің мен естігенің,ойлай және сөйлей алғаның,ас ішіп,әл-қуатыңды күшейткенің үшін шүкіршілік етуге және алғыс айтуға,жаны жайсаң жандарды құрметтеуге берілген мүмкіндік. Осы Алланың берген денсаулығыңның арқасында өткен өміріңе шүкіршілік жасайсың. Өткеніңді ой елегінен өткізіп, бүгінгіге көз жүгіртесің,әрине бұл жоғарыда айтқанымдай он екі мүшенің саулығында. Ата заңымызда айтылған,ең қымбат қазынамыз-адам мен оның денсаулығы делінген. Адам денсаулығын нығайту мақсатында әртүрлі аурулардың алдын алу және де науқас адамдардың ауру түрлерін дөп басып Гиппократ антына берік, сөздері майда қолдары жеңіл, әрбір науқастарға құрметпен қарап адам жанының арашасысы болып жүрген қаншама жандар бар. Ойыма «Тұлпардың да тұлпары бар қазанаты бір бөлек – жігіттің де жігіті бар азаматы бір бөлек» -деген аталы сөз жайсаң азаматтарға, жақсы адамдарға қаратып айтылады ғой. Кеудесінде адамдық, адалдық сезім санасында жарық сәуле қалыптасқан адамдардың абырой биігіне көтеріліп, елдің ықыласына бөленетіні анық. Осы орайда қазақта «жақсының жақсылығын айт нұры тасысын»- деген керемет сөз бар. Мен де бірнеше рет көзбен көріп ойға түйгендерімді көңілге түйіп, шынайы қызметтеріне лайық жандарға обылыс көлемінде кең тараған обылыс айнасы халықтың мұңын мұңдайтын, жақсылыққа қол ұшын созатын оқырмандар сүйсініп оқитын Сыр бойы газеті арқылы бүгінгі таңда халыққа өз білімін сарп етіп қолынан келгенше адам жанының арашасысы болып жүрген дәрігерлер мен аяжандарға ризалығымды білдіргім келеді. Осы ретте, обылыстың көпбейінді аурухананың эндовоскулярлық бөлімнің меңгерушісі хирург Нұрлан Тоқтағанұлы және ол бастаған ұжымдардың біліктілігі және ауызбіршіліктері жайлы сөз етпекпін.«Алдыңғы арба қайда жүрсе соңғы арба солай жүреді»-деген. Басшыға қарап түгел ұжым бойын тіктейді. Өз қызметіне лайық болуға ұмтылады. Нұрлан Тоқтағанұлы бастаған эндовоскулярлы бөлімінің атқаратын жұмыстары өте ұқыптылықты білімділікті тәжірбиелікті талап етеді.

Адам ағзасындағы ірілі уақытылы барлық қан айналымдардың, жүйкелердің қалай жұмыс істеп тұрғанын анықтай келе олардың бітелу жолдарын ашып істенді қояды.Тамырлардың бітелуі болғанда нақты қай жерлерге ота жасалуы керектігін анықтап ота жасалынады. Әрине бұл айтуға оңай Ауыр науқастардан адам өмірін сақтап қалу біліктілікті талап етеді Бұрын науқастар Астана, Алматыға баратын болса 2009жылы обылыстық ауруханаға Ангография аппараты келіп аурулар жоғарғы жаққа бармай өз обылысымызда емделетін болған. Әрине жауапты жұмыстарды жүргізу үшін білікті маман керек болды.  Жас маман тәжірибелі хирург Қызылорда қаласында 1969жылы дүниеге келген. 1998 жылы Алматы медициналық инстутын бітіріп обылыстық аурухананың реанимация бөлімінде, кардиология бөлімінде дәрігерлік қызыметте жүріп, Москва, Алматыда Сызған институтында, Литва, Америка, Японияда тәжірибе жинақтаған эндовоскулярный бөлім ашылғаннан бері яғни 2009жылдан осы кезге дейін осы бөлім меңгерушісі болып талай жандардың ауру түрлерін анықтап ота жасай білген, жүрек тамырларынан бөлек, бас ми тамырларына асқазаннан қан кеткенде онкология  жалпы адам құрылысының барлық жерлеріне ота жасай білеміз»- деді нұрлана түскен Нұрлан ініміз. Сөз арасында ең ауыр кезеңдер Ковид кезеңінде болды, үйде болмай осы ауруханада талай аурулардың жанына араша болдық. Ол ауру қайтып келмесін деп сөзін қысқа қайырды. Адам болғаннан кейін өз бойындағы жақсы қасиеттерді, игілікті істерді жаныңдағы адамға үйрете білу азаматтық парыз деп білемін Мен осы кезге дейін обылыста бес шәкіртті тәрбиеледім. Аллаға шүкір барлығы да өз істерінің маманы болып халықтың алғыстарын алуда, халықтың алғысы үлкен марапат емеспе? Атап айтсам Қазалы аудандық ауруханада біздің бөлімшеміз бар Арал Қазалы Қармақщы үш аудан тұрғындарын емдейтін онда Кенесары Беспаев шәкіртім бар, осы бөлімде Қожахметов Азамат, Базарбаев Нұрбол, Қасымов Нұрлыхан, Магдинов Қанат. Бұл аталған бес шәкіртім оталардың қай түрі болса да сәтті жасауда.Қай дәрігер болмасын қасында көмекші аяжандары болады аяжандардың да міндеттері ауыр отаның жеңіл өтуіне үлкен себепкер болады, оларды атамай өту мүмкін емес.Атап айтсам аға аяжан Гүлмира Піралиева Әлмұқанова Гүлзада Шоманова Сәуле Нұрабаева Ұлжан  аға медбраттар Мамытов Асхат Тілегенов Ерлан Тоқанов Сәбит Амангелді және дн тазалықшылар Мәмбетова Жеңісгүл Найманова Жаңыл. Ұжымдарымыздың ауызбірлігі,бір-біріне сайластығы,бір-бірімен іс тәжіртбені бөлісуі науқастардың көңілінен шыға білуі мені қуантады.Күніне жиырмадан астам ота жасаймыз.Отаның сәтті өтуі біздің міндетіміз. Гиппократ алдындағы антымыз дейді ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі,дүниежүзілі екі патенттің иесі Нұрлан ініміз.Ұжымға келешектерің келісті еңбектерің жемісті болсын -деген тілек білдіремін

 Сердалы Шалбаев

Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылдық  ардагерлер кеңесінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<