Сот кабинеті сервисін пайдалану халыққа тиімді

236

0

Фото: ашық дереккөз

Сот кабинеті – сот құрылымында қолға алынған замануи технологиялардың бірі. Қазақстан Республикасы сот органдарының электрондық сервистеріне қол жеткізуге арналған бірыңғай терезе болып табылады.  

Сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» электронды форматын әзірледі. Электронды формат ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жасалынған.      

Сот кабинеті – сот органдарының жүйесіне электронды түрде қолжетімділік. Сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен  шықпай-ақ «Сот кабинеті» интернет сервисі арқылы  онлайн режимде талап арыздарды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері бар.

Дәл осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, тіпті мемлекеттік баж салығында онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады. Атап айтқанда, сот кабинетінің негізгі мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру. Сонымен қатар, сот кабинетін пайдаланушы «іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алады. Хат алмасуға тиімді тәсіл. Аталған сервис сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының сайтындағы электронды сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді. Бұл аталған сервистерге мобильді қосымша арқылы да қол жеткізуге болады.

Бұл мүмкіндіктер тараптардың шығындарын қысқартып ғана қоймай, істердің қаралу мерзімін де қысқартуға мүмкіндік береді.

Абзал ЕЛКЕНОВ

Кәмелетке толмағандардың

істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<