Сот кабинетіне жүгіну қолжетімді

344

0

Фото ашық дереккөзден

«Сот кабинеті» – қазіргі кезде ең тиімді әрі қолайлы электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы мемлекеттік бажды төлеу мәселесі шешілген, төлем карточкасы арқылы бажды төлеу туралы құжаттың сканерленген көшірмесін беру мүмкіндігі бар. Бұл қызметтерді электрондық цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар пайдалана алады.

Осы сервистің негізгі ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ, істегі мәртебесін көре алады және сот актісін басып шығарып алуға мүмкіншілігі бар.

Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығыннан электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.

«Сот кабинеті» сервисі арқылы келіп түсетін талап арыздар соттың да, сотқа жүгінген адамдардың да уақыты мен жұмысын қысқартады. Мәселен, егер азамат немесе оның заңды өкілі уақыты мен ақшасын жұмсамай, үйден талап арыз жіберсе, ол сот базасына электронды түрде түседі. Сот қызметкері арызды тіркейді. Ол үшін құжаттарды сканерлеп, оларды талап арызбен бірге жолдап, содан кейін ЭЦҚ кілтпен қол қою қажет.

Еліміздің сот жүйесі жылдан жылға уақытпен бірге қадам басып, сот тәжірибесіне жаңа бағдарламалар енгізуде. Мұның бәрінің басты мақсаты сот процестеріне қатысушыларға жағдай жасау.

Технологияның қарыштау, даму кезеңінде осындау тиімді тетіктерді пайдаланған өте тиімді екенін тағыда айта кеткен жөн.

Жедел ақпарат алмасып, өз құқығыңызды қорғай біліңіз, құрметті оқырман.

Р.БЕРКІНБАЕВ,

Қызылорда қалалық сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<