Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу баршамыздың міндетіміз!

225

0

Фото автордан

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде өткен кеңесте халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтуге шақырған болатын. «Жемқорлық –індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру бүкіл мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиіс екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Президент өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты мемлекеттің басым бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті атады.

Бүгінгі барлық мемлекеттік органдарының мақсаты да осы – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, мемлекеттік қызметте реттік пен тәртіпті күшейтуге бағытталған шараларды қарастыру болып табылады. Сондықтан жемқорлықты болдырмау барлық мемлекеттік органдар жұмысының негізгі басыңқы бағыттарының біріне айналып отыр.

Қызылорда облысының Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлық көріністерін ескерту, алдын алу және жолын кесу, Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша іс-шаралар жоспарлы түрде атқарылып келеді.

Іс-шараларды өткізудегі басты мақсат -мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбестік қарым-қатынасты қалыптастыру және тұрмыстық деңгейдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Н.Ительгиева,
Қызылорда облысының
әділет департаментінің бас маманы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<