Сыр еліне тағзым

918

0

Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Шымкент опера және балет театрының әншісі Жұмабек Қаңтарбаевтың «Сыр еліне тағзым» атты шығармашылық кеші өтті. Концертте Құрманғазыдан бастап, Н.Тілендиев, І.Жақанов, С.Мұхамеджановтың шығармалары және халық әндері шырқалды.

Жұмабек Қаңтарбаевтың орындауындағы танымал классикалық әндер, опералық ариялар және халық әндері мен композиторлардың әсем туындыларын Тұрмағамбет атындағы ұлт-аспаптар оркестрі сүйемелдеді. Оркестрдің бас дирижері «Құрмет» орденінің иегері Кеулімжай Ботабаев.

Кең тынысты туындыларды Жұмабек Қаңтарбаевпен бірге кеш қонақтары ҚР еңбек сіңірген артисі, опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Айдос Иманжаппаров та шырқады.

Салтанатты кеште қазақ композиторларының әндерімен қатар шетел музыканттарының туындылары да тарту етілді.

Кеш соңында опера әншісі М.Мұхамедқызы әнші Ж.Қаңтарбаевқа шығармашылық табыс тілеп, өңір жұртшылығына алғыс білдірді. Өнер қайраткері ізгілік пен парасаттылықтың үлгісі атанған «Домалақ ана» образын ашатын жаңа опера туындысын алғаш болып Сыр елінде сахналамақ. Көрермендер өнерпаздарға ыстық ықыластарын жеткізді.

Аружан ЕРАЛЫ,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<