Сыр имамдары қайғылы жағдайға байланысты дұға жасады

353

0

Сыр мешіттерінде Қарағандыдағы қайғылы жағдайға байланысты дұға жасалуда.

Бас мүфтидің бастамасымен еліміздің барлық мешіттерінде, намаздардан соң, имамдарымыз шахтада қаза тапқан жандарға құран бағыштап, апат салдарынан ауыр хәлде жатқандардың амандығын тілеуде.

Айта кетейік, Қарағандыда орналасқан Костенко шаһтасында өрт шығып, жарылыс орын алған болатын. Аталмыш қайғылы жағдайға байланысты Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 29 қазан – жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<