Сырбойылық зияткерлер  халықаралық байқауда ерекшеленді

777

0

Өмірбек Жолдасбеков атындағы халықаралық байқауда  Қызылордадағы Зияткерлік мектептің оқушылары Жанайым Сәлімжанқызы қола еншілесе, Даяна Хегай грамотамен марапатталды.

Математика және механика пәндері бойынша өткен көктемгі ғылыми жобалар байқауына Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірлерінен 150 оқушы қатысты. Жас ғалымдар «Математика», «Қолданбалы математика», «Механика», «Экономикадағы математикалық әдістер» секциясы бойынша 112 жоба ұсынды.

ІІІ дәрежелі дипломға ие болған Жанайым жетекшілері Сәкен Сүлейменов пен Сәндігүл Сүлейменовамен бірге мұнай кен орындарындағы жер асты суларды егістік мақсатта пайдалану үшін кіші құдықтарды тиімді орналастыру моделін ұсынды.

– Шаруашылықта бір ғана үлкен скважина қойғаннан гөрі, кіші бірнеше құдықтарды орналастыру әлдеқайда тиімді. Және ол техникалық қызмет көрсетуді жеңілдетеді. Құдықтардан алынған су, арнайы су қоймасында сақталып тазартылады. Біз сол әрбір скважинадан қоймаға дейінгі арақашықтықтардың қосындысы ең аз болатындай қойманы оңтайлы орналастырудың есебін қарастырдық, – дейді жүлдегер.

Даяна мен жетекшісі Мақпал Серікбол Блокчейн технологиясы негізінде сапалы-сандық сайлау жүйесін әзірледі. Бұл жұмыстары әділқазылардың ерекше бағасын алып, грамотамен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<