Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

564

0

«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы №73 бұйрығына (бұдан әрі–Қағида) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 11 шiлдедегi №53 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қағидаға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталар болсақ.

 «Табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызметін  осы Қағидаға сәйкес уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы жеке және заңды тұлғаларға көрсетеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінішпен www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу үшін тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жүгінеді.

         Реттеліп көрсетілетін қызметті ұсыну тоқтатылған жағдайда табиғи монополия субъектісі күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей уәкілетті органға Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару туралы өтініш ұсынады.

            Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарау мерзімі:

       табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу – 30 минутты;

табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару – 2 жұмыс күнін құрайды.

           Тіркелімге реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын жері бойынша енгізілуге жататын шетелдік заңды тұлғаны қоспағанда, табиғи монополия субъектісі Тіркелімге оның тіркелген жері бойынша заңды тұлға ретінде не дара кәсіпкер ретінде енгізіледі.

      Тіркелімнің тиісті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі, оның тіркелген жері басқа облысқа, басқа республикалық маңызы бар қалаға немесе астанаға өзгерген жағдайда, осындай өзгеріс болған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бұрынғы тіркелген жері бойынша Тіркелімнен шығару туралы өтініш береді. Бұл ретте табиғи монополия субъектісі Тіркелімнен шығарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жаңа тіркеу орны бойынша Тіркелімге енгізу туралы өтініш береді.

         Табиғи монополия субъектісін жаңа тіркеу орны бойынша Тіркелімге енгізу табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес бекітілген тариф болған кезде оны жаңадан құрылған табиғи монополиялар субъектісіне жатқызу үшін негіз болып табылмайды.

Сондай-ақ,табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асырған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді.

      Уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық органы табиғи монополия субъектісінен реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабарламаны, оның ішінде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы қабылдайды және қабылданған хабарламалар тізілімін өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

   Қазақстан Республикасы

  Ұлттық экономика министрлігі

   Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<