Тәуелсіздікті жырлады

384

0

Тәуелсіздік мерекесіне орай қалалық білім бөлімі жанынан құрылған ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен жыр мүшәйрасы өтті. Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейде өткен шараға ардагер ұстаздар атсалысты. Сонымен қатар жастар, мектеп оқушылары да үлес қосты.

Сайысқа Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі, Жарасқан Әбдірашов атындағы сыйлықтың лауреаты Толыбай Абылаев, «Сыр медиа» серіктестігі ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжалы Ерімбетов пен «Асыл жандар» әжелер ансамблінің жетекшісі Құрбанкүл Сүлейменова қазылық етті.

Жыр аламаны екі бөлімнен тұрды. Байқау қорытындысы бойынша І орынды Әуезхан Рахманқұл, ІІ орынды Малика Мұратова алды. ІІІ орынды  Гүлдариға Ахметова мен Марал Ос­панова өзара бөлісті. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<