Тағы 62 вагон көмір келеді

362

0

Сейсенбіде облысқа 20 вагон көмір жеткізілді. Жылу беру маусымына 176 мың тонна қатты отын қажет болса, бүгінгі күнге 212 мың тонна әкелінді.

− Қаңтар айына облысқа 339 вагон қатты отын  жеткізу жоспарланған болатын. Бүгінде 286 вагоны әкелінді. Жалпы күнделікті 15-20 вагон көмір келіп түсуде. Оның жартысы облыс орталығына тиесілі болса, қалғаны аудандарға тасымалдануда. Жолда 62 вагон қатты отын келе жатыр. Біз «Қазақстан теміржолы» мекемесіндегі жүк тасымалы бөлімшесімен күнделікті байланыс орнаттық. Осы айға жоспарланған көмірдің тез жеткізілуін қадағалаудамыз. Әзірге тапшылық немесе кезекке талас мәселесі жоқ. Барлық жағдайды жауапты салалармен бірге қадағалап отырмыз, − деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Жоламанов.

Жалпы жеткізілген қатты отынның басым бөлігі − «Шұбаркөл» көмірі. Облыс көлемінде 36 жеткізуші оператор бар. Қазір «KHAS COM» жеке кәсіпкерлігінің қоймасында  кезектілік  ретімен жұртшылыққа үлестірілуде. Тоннасы 16 700 теңгеден сатылып жатыр.

Гүлбану Мақажан,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<