«Талсуат» кітабының тұсаукесері өтті

176

0

Фото: «ҚХП» Қызылорда облыстық филиалы

«ҚХП» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласына қарасты Талсуат ауылдық округінің мәдениет үйінде 23 сәуір дүниежүзілік кітап күні қарсаңында Талсуат ауылдық округінің 140 жылдық мерейтойына орай ауылдың өткені мен бүгіні туралы жазылған «Талсуат» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Рухани кешке облыстық мәслихат депутаты, «ҚХП» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қайрат Ерназаров, кітап авторы Сағат Жүсіп, Талсуат ауылдық округінің әкімі Ерлан Бейсенбев, ауыл ардагерлері мен тұрғындары қатысты.

Кітап авторы саясаткер, өлкетанушы, журналист, аудармашы Сағат Жүсіп. Бұл кітаптың жарыққа шығуына Талсуат ауылдық округінің тумасы, облыстық мәслихат депутаты, Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы  Ерназаров Қайрат Шаршыбекұлы себепкер болып, демеушілік жасады. Бүгінде Талсуат кітабының 500 дана таралымы жарық көрді.

Ауыл тарихы- ел тарихы. Аталған кітапта ХІХ ғасырдың аяғында Ақмешіт (кейін Перовск, сосын Қызылорда аталған) қамалына жақын жерге Ресейден көшірілген орыс переселендерінің Талсуат деген жерге қоныстанып, Александровск деген қыстақ орнатып қазақтармен патша және кеңес заманында көрші қоныс болып бірге тұрғаны, «Колос» атты колхоз ұйымдастырған тарихы айтылған. Талсуат («Шәйкөл» деген де аты болған), сосын Александровское, одан соң «Колос» болып аталған ауылдың тарихи кезеңдері нақты деректермен, құжаттармен дәлелденген. Ауыл жайында жазылған тарихи деректер туған өлкесі туралы білгісі келетін жас ұрпақтың қызығушылығын арттырары анық.

Іс-шара барысында Қазақстан Халық партиясы облыстық филиалының төрағасы Қайрат Шаршыбекқлы кітап авторы Сағат Жүсіпке құрмет көрсетіп, шапан жапты. Сондай-ақ кеште Талсуат туралы жазылған әнұран шырқалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<