«Тарихта болмаған»: әлем чемпионатының финалында екі қазақ боксшы кездеседі

437

0

Ташкентте (Өзбекстан) ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының финалында екі қазақ боксшы кездеседі деп хабарлады turkystan.kz.

80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Нұрбек Оралбай жартылай финалда ресейлік Имам Хатаевпен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жеткен еді.

Енді ол ақтық сында Қытай елінің атынан сынға түсіп жатқан Тоқтарбек Таңатқанмен шаршы алаңға шығатын болды.

Айта кетейік, ертең, 13 мамыр күні 51, 57, 63,5, 71, 80 және 92 келі салмақта, 14 мамырда (жексенбі) – 48, 54, 60, 67, 75, 86 және +92 келіде ақтық кездесулер өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<