Таза аула – таза ғаламшар

1794

0

Еңбек күнінде Қызылорда қаласындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебі «Таза аула – таза ғаламшар» экологиялық сенбілік ұйымдастырды.

Жаңа оқу жылының алғашқы сенбілігіне мектептің барлық оқушылары, ата-аналары мен мұғалімдері қатысып, үйдің аулалары мен кіреберіс аумаққа тазалық жұмыстарын жүргізді.

Мектеп белсенділері қораларын қоқыстан тазарту, көпқабатты үйлердегі баспалдақ алаңшаларын сыпыру, терезелерді жуу, ауладағы қураған өсімдіктер мен құрғақ ағаштардың жинауға атсалысты. 

– Табиғат – біздің анамыз. Оны ластанудан қорғау өз қолымызда. Егер қоршаған ортаға ұқыпты қарап, аулаларымызды таза ұстайтын болсақ, онда әлем де экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болады, – деп санайды 7-сынып оқушысы Әлтайыр Төлеген.

Экологиялық сенбілік қала күні аясында және Қазақстандағы Еңбек күніне орай ұйымдастырылды. Жас зияткерлер  үйдің аулаларын тазартып қана қоймай,  тұратын көшелерді де абаттандырды. Туған жеріне деген сүйіспеншілігін танытқан жас дарындылар барлық қала тұрғындарын осындай акцияларға қатысуға және ортақ үйімізді ластамауға шақырды.

– Ауланы немесе көшені тазарту үшін белгілі бір күнді күтпей-ақ, сенбіліктерге шығуды әр отбасында дәстүрлі іс-әрекетке айналдырумыз керек деп санаймын. Біз табиғатты құрметтеп, қорғауды өзімізден бастауымыз қажет, – дейді 7-сынып оқушысы Амина Омарова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<