Тағзым

316

0

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйым­дастыруымен Қызылорда медициналық жо­ғары колледжінде Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өтті. Оған саладағы тыл және еңбек ардагерлері қатысты.

Шараға қатысушылар алдымен Жеңіс күніне жете алмай, майдан даласында Отан үшін шейіт болғандарды бір сәт үнсіздікпен еске алды. Одан соң басқарма басшысы Ақмарал Әлназарова жиылғандарды мерекемен құт­тықтап, жылы лебізін білдірді және ардагерлерге мерекелік сыйлықтар табыстады.

Медицина саласының құрметті ардагері Ернияз Омаров, Тұрғанбай Маханов және сала ардагерлері облыстық кеңесінің төрайымы Райса Көзденова сөз алып, Ұлы Жеңістің оңайлықпен келмегенін тілге тиек етіп, жерлес батырларымыз туралы ғибратты әңгімелерін айтты. Ал колледждің студент жас­тары «Майданнан хат» сахналық қойылымын қойды, сондай-ақ, «Мәңгілік алауға тағзым» атты бейнеролик қатысушылар назарына ұсынылды. Өнерлі жастардың орындауында соғыс жылдарындағы әндер әуеледі.

Барлыбек БАТЫР.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<