Тиімді мүмкіндік алаңы

630

0

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе «Kyzylorda Business Hub» облыстық стартап жобаларымен танысу өткізді.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» өткен басқосуда облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешев пен сала басшылары жас­тар­дың жаңа жобаларымен таны­сып, ұсыныс-тілегін тыңдады. 10-ға жуық инноватор түрлі ба­ғыттағы жобаларын ортаға сал­ды. Бұл басқосу оларға тиімді мүм­кіндік алаңы болды. Жиында қаржыландыру тетігін қарастыру мәселесі, көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар сөз болды. Кәсіпкерлер қажетті бағыт-бағдар мен маңызды кеңестерге қол жеткізгені анық.

Айта кету керек, мемлекет тара­­пынан жас кәсіпкерлерді қол­­дау, оларға бағыт-бағдар беру, грант санын арттыру мәсе­лесі күн тәртібіне қойылған. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкер­лік корпорациясы» АҚ-ның ала­ңын­да мұндай шара екінші мәрте өтуде және ол жүйелі түрде ұйым­дастырылатын болады.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»

АҚ баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<