Төл перзенті төрінде

2128

0

Телікөлдегі кездесуден кейін Ақайдар Ысымұлының 70 жас мерейтойы «Арман» мәдениет үйінде ұйымдастырылған «Төл перзентің төріңде» атты салтанатты кешпен жалғасты.

Салтанатты жиын Ақайдар Ысымұлының боз бала шағынан бастау алып, арман қуып Алматыға аттанар сәтіне дейінгі кезеңді бейнелейтін театрландырылған қойылыммен басталды.

Мұнан соң, шараның алғы сөзін алған облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Ақайдар Ысымұлына ізгі тілегін жеткізіп, облыс әкімінің «Құрмет грамотасы» мен құттықтауын табыстап, шапан жапты.

Келесі кезекте сөз алған аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы «Ағамыз ауылынан қанша жырақта жүрсе де, осы аудан үшін әрдайым тілеулес болып жүретін азамат деп есептеймін. Себебі ағамыз Шиеліге арнап, 9 бірдей кітап шығарған. Сондай-ақ, ауданымыздың 90 жылдық тарихын қамтитын танымдық-тарихи туынды «Шежірелі Шиелі» кітабының құрастырылып, мазмұнды етіп әзірленуіне ерекше еңбек сіңірді. Сол үшін де ағамызды құрмет тұтамыз, сыйлаймыз және бүгінгідей кешті өткізуді үлкен жауапкершілік деп есептедік», – деді.

Содан соң сөз кезегі мерейтойға арнайы келген қонақтарға беріліп, кеш қонақтары ортаға шығып, мерейтой иесін құттықтады. Ал кеш барысында сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил Ақайдар Ысымовқа Қызылорда облысының» Құрметті ардагері» төсбелгісін тақты.

Шиелі ауданы

әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<