Сұлутөбе ауылдық округінде 400-ге жуық сайлаушы өз таңдауын жасады

668

0

Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округінің №267 сайлау учаскесінде дауыс беруге тұрғындар белсенді түрде атсалысып жатыр. Аталған сайлау учаскесіне 989 адам сайлаушы ретінде тіркелген. Қазіргі уақытпен 400-ге жуық сайлаушы өз таңдауын жасады.

– Сайлау әділ түрде өтіп жатыр. Тұрғындар тарапынан ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Барлығы жақсы көңіл күйде келіп, өз таңдауларын жасауда, – деді сайлау учаскесінің төрағасы Айгүл Болатбекова.

Таңда басталған сайлау науқанына алғашқы болып Хазар Хаджаева келді. 85 жастағы әже дауыс беріп, сыйлық алды.

Одан бөлек ең жас сайлаушы ретінде тіркелген Арайлым Ғаниқызы бірінші рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады.

– Кәмелет жасқа толып, сайлауда өз таңдауымды жасадым. Шынымды айтсам ерекше сезім екен. Ел экономикасының дамуы жолында менде өз таңдауымды жасағаныма қуаныштымын, – деді ол.

Сайлауда «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы РҚБ облыстық филиалының өкілдері байқаушы болып, сайлаудың әділ өтуіне атсалысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<