Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға өтті

827

0

Токио Олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақтағы ширек финалдық жекпе-жектер жалғасуда деп жазады Olympic.kz. 

Аса ауыр салмақта сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовпен кездесіп, жеңіске жетті. 

Ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Бірінші және екінші раундта төрешілер жеңісті Қамшыбекке берсе, үшінші раундта Иван Верясовтың белсенділігі есепке алынды. 

Жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен кездеседі. 

ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<