Тоқаев Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесті

434

0

Германияға ресми сапары аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің канцлері Олаф Шольцпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Германияға ресми сапармен келген мемлекет басшысы Федералдық канцлермен бетпе-бет форматында келіссөз жүргізген. Келіссөз барысында тараптар екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, қазақ-герман байланыстарын одан әрі кешенді түрде нығайтуға өзара мүдделі екенін растаған.

Сонымен қатар екі ел басшылары ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындап, сауда-экономика, инвестиция, көлік-логистика, «жасыл энергетика» және басқа да салалардағы ықпалдастықты жандандыруға уағдаласқан. Бұдан бөлек, мемлекет басшысы мен канцлер өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, жоғары деңгейде өтетін «Орталық Азия – Германия» кездесуінің күн тәртібін талқылаған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<