Түркияда газдың жаңа қоры табылды

376

0

Фото: Анадолы агенттігі

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қара теңізде газдың мол қоры табылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолыға сілтеме жасап.

«Қара теңіздегі табиғи газ қорымыз 170 млрд текше метрге артып, жалпы көлемі 710 млрд текше метрге жетті. Сонымен қатар Түркияда күнделікті мұнай өндіру көлемі 80 мың баррельге жетті. Келесі жылы бұл көрсеткішті 100 мың баррельге жеткізуді мақсат етіп отырмыз. Біз Түркияны Каспий, Жерорта теңізі және Таяу Шығыстың энергетикалық орталығына айналдыруға бел байладық. Түпкі мақсатымыз – шетелдік мұнай мен табиғи газдан толықтай бас тартып, Түркияның энергетикалық тәуелсіздігін жариялау», – деді Түркия басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<