Тұман, жел, боран – жексенбіге арналған ауа райы

64

0

Жексенбі күні еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік аймақтарда боран соғып, батыста көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

10 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады, қар жаумайды, солтүстік антициклон шығысқа қарай ауыса бастайды. Батыстан ауысқан циклон ауа температурасының жоғарылауына әсерін тигізеді, сонымен бірге солтүстік облыстарда қар жауады, еліміздің батысында қар алас жаңбыр жаууы ықтимал.

Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік аймақтарда боран соғып, батыста көктайғақ болады. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде қатты аяз болады.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз