Ұялы байланыс сапасы бойынша хабарлама

202

0

Фото: Қала әкімдігі

Соңғы кездері Қызылорда қаласы бойынша ұялы байланыс операторларының ұялы байланыс қызметтерінің сапасына теріс әсер ететін интерференцияларға (радиокедергілерге) шағымдар жиі келіп түсуде.

Жүргізілген өлшеулер нәтижелері бойынша радиокедергілер көздерінің бірі – тұрғындар орнатқан ұялы байланыс сигналын күшейткіштер – ретрансляторлар (ұялы байланыс күшейткіштері) болып табылатыны анықталды.

Бұл жабдықты жеке тұлғалар дербес орнатады. Ретрансляторды конфигурациялау, орнату, монтаждау арнайы білімді, біліктілікті қажет етеді.

Дұрыс реттелмеген ретранслятор ұялы байланыс базалық станцияларының радиожиілік жағдайына әсер етеді, оператордың жиіліктеріне кедергі келтіреді, басқа пайдаланушылар үшін байланыс сигналын бұғаттайды, бұл ұялы байланыс қызметтерін (соның ішінде мобильді интернетті) ұсыну сапасына теріс әсер етеді.

Осыған сәйкес, ұялы байланыс күшейткіштері сапалы байланыстың негізгі кедергілерінің бірі болып табылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<