Ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

621

0

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті, «СТОП ОБНАЛ» жедел-іздестіру шаралары аясында ұзақ уақыт бойы жұмыстарды атқармай, қызмет көрсетпей, тауарларды тиеп-түсіруді жүзеге асырмай жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады.  Алдын ала есеп бойынша бюджетке келтірілген залал көлемі 776 млн теңгені құрап отыр.

       Қызылорда облысы бойынша ЭТД Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262 бабы 1,2 бөлігімен (қылмыстық ұйымды, ұйымдасқан топты құру, оны басқару және оның қызметіне қатысу) қылмыстық топтың ұйымдастырушы басшысы және оның қатысушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

ҚР ҚМ ҚМК

Қызылорда облысы бойынша

экономикалық тергеу департаментінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<