Ұлттық рәміздер ұлықталды

639

0

Биыл Тәуелсіздігіміздің символына айналған мемлекеттік рәміздерге 29 жыл. Мемлекеттік нышандар – еліміздің егемендігін айқындайтын жарқын бейне. Сол себепті баршамыз үшін қастерлі.

Осы орайда ҚР Мемлекеттік рәміздер күні Достық үйінің алдында облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, этномәдени бірлестік мүшелері және «Жаңғыру жолы» жастары бірлесіп ҚР Әнұранын орындады. Осылайша жұмыс күнін еліміздің негізгі нышандарын ұлықтаумен бастады.

«Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мәстеков «Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын,»- деген ізгі тілегін білдірді.

Ал «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері арбаттың бойында парад жасап, Сыр өңірінің тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Жылы лебіздерін білдіріп, оларға желбіреген аспан түстес байрағымыз көк туды сыйға ұсынды.

Мұнан соң мекеме директоры Б. Мастеков және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, жастар Рәміздер алаңындағы саланатты шараға қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз