Университет ғалымдары өндіріске бет бұрды

601

0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Жаңақорған ауданында орналасқан «Хорасан» кен орнына барып, компания қызметкерлері және басшыларымен кездесіп, еркін пікір алмасты.

Екі жақты  ынтымақтастық туралы меморандум аясында мұнай-химия және экология, техносфералық қауіпсіздік, геология және гидротехника, цифрландыру және ІТ, автоматтандыру, электроэнергетика, техносфералық қауіпсіздік және т.б. салалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге, компанияның өндірістік мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми жұмыстарын университеттің ғалымдарымен бірлесе атқару көзделген.

Аталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында «Хорасан» кен орнының жұмысымен танысып, алдағы уақытта орындалатын жұмыстарды айқындап, компания қызметкерлерінің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, алдағы уақытта мәселелерді шешу жолдарын талқылады.

Бұл шара ғылым саласы үшін маңызды рөл атқарады және өңірлік экономиканың инновациялық дамуы мен Қазақстанның өркендеу ісіне тиімді үлес қосады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<