Үздіктер анықталды

293

0

Жуырда облыс орталығындағы «Шаңырақ» кешенінде «Қазақстанның үздік тауары – 2019» өңірлік көрме-байқауы өтті. Үздіктерді облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов марапаттады.  

Биылғы көрмеге 50 тауар өндіруші өз өнімдерін алып келді. Облыс әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған ша­раға кәсіпкерлер палатасы Өңір­лік кеңесінің, «Атаме­кен» ҰКП Іскер әйелдер ке­ңесінің мүшелері, қаржы инс­титуттарының өкілдері мен ай­мақ кәсіпкерлері, сондай-ақ облыс тұрғындары қатысты.  Жалпы, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы жаңа тұтынушыларды таба отырып, іскерлік байланыстар орнатуға арналған бірегей шара болып табылады.

Ел нарығын бәсекеге қабі­летті өніммен толықтыруға жәр­демдесуге, кәсіпкерлердің отан­дық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған «Қазақстанның үз­дік тауары» көрме-байқауы Мем­лекет басшысының Жар­лығымен 2006 жылдан бастап өңірлік және республикалық дең­гейде ұйымдастырылуда. Пре­зиденттік «Алтын сапа» сыйлығы мен  «Қазақстанның үздік тауары» байқауын ұйым­дастырып, өткізу 2015 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кә­сіпкерлер палатасына берілген болатын.

Облыс әкімінің орынбасары М.Имандосов пен сарапшылар алдымен көрме-байқауды аралап, жергілікті тауар өнді­рушілердің өнімдеріне бағасын берді. 

Облыстық кәсіпкерлер па­ла­тасының директоры Ға­лым­бек Жақсылықов биылғы бай­қауға аймағымыздағы жеке кәсіпкерлердің белсенділікпен қатысқанын жеткізді. Оның айтуынша, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының ең үздіктері үш аталым – «Өн­ді­рістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» бойынша анықталады.

Байқауға қатысушылардың өнімдерін бизнес пен мемле­кеттік орган өкілдерінен тұра­тын сарапшылар бағалады. Нә­тижесінде 3 аталым бойынша 9 жеңімпаз анықталды.

Айтулы байқауда «Мәди Қажы», «Қазақстандық Мұнай-химиялық Кемикал Компания­сы» және «Шиелі-Тас» се­рік­­­­тес­тіктері «Өндірістік мақ­­­сат­­тағы үздік тауарлар» ата­­­лымы бо­йынша топ жарды. «АС-КА» ЖШС, жеке кәсіп­кер «Биль­сариева Гүлзат» пен ЖК «Шак-Ди» «Халық тұты­натын үздік тауарлар» аталымын иеленді. Ал «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымында «Браунис-Қазақстан» мен «Абай-Дәулет» ЖШС-лары, сондай-ақ, жүгері сусынын өндіретін жаңақорғандық жеке кәсіпкер «Әбділла» үз­дік деп танылды. Үздіктерге ес­телік сыйлық пен байқаудың рес­пуб­ликалық кезеңіне жолдаманы облыс әкімінің орынбасары М.Иман­досов тапсырды.

Сондай-ақ, шараға қатысу­шылар Шиелі, Қазалы аудандары мен Қызылорда қаласының тігінші-кәсіпкерлері: Тоғжан Мұсаева, Сәуле Кенжеева, Гүлзат Бильсариева, Динара Шакирова, «Жанзере» ЖШС, «АС-КА» ЖШС тіккен ұлттық, заманауи және арнаулы жұмысшы киімдерінің көрсетілімін тамашалады. Соңында көрмеге келген көпшілікке лоторея ойыны ойнатылды.

Жеңімпаздардардан өзге көр­ме-байқауға өнімдерін әке­ліп, белсенді қатысқан кәсіп­кер­­лерді кәсіпкерлер па­ла­тасының директоры Ға­лымбек Жақсылықов пен кә­сіп­керлік және туризм бас­қармасының басшысы Фер­доу­си Қожабергенов Алғыс хатпен марапаттады.

Шараға тәжірибесі мол тауар өндірушілермен бірге енді талаптанып отырған кәсіпкерлер де қатысты. Оны көрмені аралау кезінде бағамдадық. Олардың өнімдері халық арасында жақсы сұраныста. Иә, көрме-байқауға қатысушылар қатары жыл сайын артып келеді. Мәселен, аталған байқауға 2016 жылы 17 жергілікті тауар өндіруші, 2017 жылы – 22, ал, өткен жылы барлығы 33 кәсіпкер қатысқан. Биылғы жылы өңірлік байқауға аймақ кәсіпкерлігінің түрлі са­ласынан 50 тауар өндіруші қатысып, келушілерге өз өнім­дерін насихаттады. Шарада қа­ла тұрғындары мен қонақтар жергілікті компаниялардың өнім­­дерімен танысып қана қой­май, тауарды өнім өндірушілер бағасымен сатып алуына мүм­кіндік жасалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<