Зейнет демалысына шығарып салды

4

0

Облыстық жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Марат Құрманбаев құрметті зейнет демалысына шықты.

Кадрлық өзгерістерге орай өткен мәжілісте облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Марат Ердәулетұлының мемлекеттік қызметтегі ұзақ жылғы жемісті еңбек жолына тоқталып, өңірдің дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.

– Аймағымыздағы әскери бөлім­дердің инфра­құрылымы жаңар­тылып, азаматтарды мер­зімді әскери қызметке шақыру жүйе­ленді. Бұл жұ­мыстарды жо­ғары деңгейде ұйымдас­ты­рудағы Марат Ердәулетұлының өзіндік қол­таң­басын ерекше атап өтуіміз қажет, – деді облыс әкімі.

Құрманбаев Марат Ердәу­летұлы еңбек жолын өндіріс са­ласында бастап, кейін қоршаған ор­таны қорғау және мемлекеттік басқару жүйе­сінде жауапты қызметтер атқарды.

2013-2024 жылдары Қызылорда және Жамбыл облыстары бойынша эко­логия депар­та­ментін, Қызыл­орда облы­сының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқар­масын басқарды. 2024 жылдан бері облыстық жұмылдыру дайындығы, ау­мақ­тық және аза­маттық қорғаныс бас­қар­масының басшысы қызметінде болды.

Облыстық экология депар­таментін басқарған кезеңде қор­шаған ортаны ластағаны үшін төленетін төлемақылар есебінен бюджетке жоспардан тыс 64 млрд теңгеден астам қаржы түсуіне ықпал етті. Құқық қорғау және қорғаныс саласындағы уәкілетті органдармен бірлескен жұмыс нәтижесінде тер­рорис­тік тұрғыдан осал объектілердің аумақ­тық тізбесі жаңартылып, қауіп­сіздік талаптарына сәйкес жаңғыртылды.

Кейінгі жылдары Арал және Жа­лағаш аудандарындағы қор­ғаныс бө­геттері қалпына келтіріліп, тұрғындарды тө­тенше жағдай туралы дер кезінде ха­бардар ету мақсатында 124 елді ме­кенде сиреналық қосылу құрылғылары ор­натылды. Конго-Қырым гемор­рагиялық қызбасының табиғи ошақ­тары тіркелген елді мекендер залалсыз­дандырылды.

Басқосуда Марат Ердәулет­ұлына өңірдің әлеуметтік-эконо­микалық да­муына қосқан ерекше үлесі үшін Қы­зылорда облысының Құрмет грамотасы табысталып, дәстүрге сай құрмет көрсетілді.

Сондай-ақ аймақ басшысы 2024 жылдан бері «ҚазГерМұнай» ЖШС бас директоры қызметін атқарған Зияш Қияқбаевқа басқа қызметке ауысуына байланысты алғыс білдіріп, Қызылорда облы­сының Құрмет грамотасын та­быстады.

Жиында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бас­­қар­масының шешімімен «Қаз­Гер­Мұ­най» ЖШС бас дирек­торы ла­уа­зымына та­ғайын­далған Ерсейіт Жол­­мыр­заұлы Қайыпов таныстырылды.

Облыс әкімінің  баспасөз қызметі