ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ КЕШТЕРДІ ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

401

0

Жаңа жылдық бірлескен кештер мен мерекелік шаралардың ашылуы маусымына шамамен санаулы  уақыт қалды. Жаңа жыл — гирлянда мен отшашулар мерекесі. Сондықтан өрт қауіпсіздігіне тек үйде емес, қоғамдық орындарда да ерекше назарды аудару қажет. Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндірушілерінің ерекше бақылауына жаңа жылдық шаралар жоспарланған мектептер мен демалу орындары алынған.
Жаңажылдық шырша кезінде оқушыларды қорғау және олардың қауіпсіздігі мақсатында өрт сөндірушілер адамдар көп жиналатын орындарда кезекшілік өткізетін болады.

Шара басталар алдында міндетті түрде персоналмен нұсқаулық өткізілетін болады. Маман көшіру жолдарын, өрт сөндіру құралдарының бар-жоғын, олардың саны мен сапасын бағалайды, сондай-ақ өрт болған жағдайда анықтау және адамдарды құлақтандыру жүйесінің жұмысқа жарамдылығын қарайды.

Көңіл көтерілетін орындарымен біраз басқалай жағдай қалыптасқан. Мейрамханалар, дәмхана мен асханалар қоғамдық тамақтану объектілеріне жатады. Болмашы тәуекел деңгейлі 860-тай орындар бар. Ал ауданы 1500 шаршы метр және одан артық объектілер жоғары тәуекел деңгейіне жатады, және инспектор жартыжылдық кестеге сәйкес ерекше тәртіп бойынша өрт қауіпсіздігіне қатысты тексеруге құқылы. Облыс бойынша олар 16. Алайда бұл жерде де өзінің ерекшеліктері бар: «Егер объект шағын бизнеске жататын болса ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 140 бабы 8 тармағына сәйкес тәуекел деңгейін бағалау негізінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап үш жыл ішінде ерекше тәртіп бойынша тексеруше тыйым салынған». Осыған қарамастан, көңіл көтеру орындарының басшылығы оларға келетін адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілік толықтай оларға жүктелетінін түсіну қажет. Жаңа жылдық мерекелер кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын ескермеуге болмайды, оның бірі көңіл көтеру шаралары кезіндегі отшашулар, петардалар мен тез жанатын сұйықтықтар.

Қазіргі уақытта өртті бақылау инспекторлары жаңажылдық кештер барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы ұсыныстармен ақпараттық хаттар жолдауда.

Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<