Жаңақұрылыстағы жарқын істер

247

0

Соңғы жылдары Қызыл­орда қаласында, аудандарда, ауылдарда күнделікті қызмет жасайтын әлеуметтік нысандар, мектептер, ауруханалар, дәрігерлік емханалар, фельдшерлік-акушерлік пункт­тер, мәдениет үйлері және тұрғын үйлер бой көтеріп, халық игілігіне берілді. 
2014 жылы тамыздың тамылжыған бір күнінде сол кездегі облыс басшысы Қырымбек Елеуұлы Арал ауданының Көкарал бөгетін көріп, сол өңірдегі халықпен кездескен болатын. Жаңақұрылыс елді мекенінің тұрғындары ауылда халыққа қызмет жасайтын мектептің, фельдшерлік-акушерлік пункт­тің ескілігін және жол­дың қиыншылығын айтты. Халықтың тілегі орындалып, 200 орындық екіқабатты мектептің іргетасы қаланды. Келесі жаңа оқу жылында құрылыс аяқталып, ауыл шетінде, ұлы жолдың бойында көз тартатын еңселі екіқабатты жаңа мектеп бой көтерді. Сол жылы мектеп бітірушілер 2 «Алтын белгі» иеленді. Жыл құрғатпай түлектеріміз «Алтын белгі» алып және оны қорғап келеді. Жоғары оқу орын­дарының грант иегері атан­ды және жыл сайын 9-сынып бітірушілерден 2-3 оқушы қызыл куәлік алып жүр. Биыл­дың өзінде 1 оқушымыз 132 бал жинап, алтыннан алқа тағып, 3 оқушымыз үздік куә­лік, 6 оқушымыз жоғары оқу орнының грант иегері атанды.
Тестілеуге дайындық ке­зінде оқушыларды олим­пиа­да­лық жарыс­тарға апару үшін мұғалім­дер 165 ша­қырым жер­­дегі аудан орталығына ба­ра­ды. ҰБТ-ға дайындайтын мұғалімнің жеке машина­сымен қыстың боранында, көктемнің батпағына қа­ра­май, дайындықтан қал­май­ды. Соңында осындай нә­ти­жеге қол жеткізді. Әрине, қиын­дықсыз іс бітпейді.
Былтыр жаңа типтік фельд­шерлік-акушерлік пункт халық игілігіне берілді.  Биыл­дың өзінде Жаңақұрылыс пен Бекарыстан би аралығындағы 23 шақырым тас жол жаңадан асфальтталуда. Осындай то­лым­ды істер Арал ауданынан шал­ғай орналасқан Жаңа­­құ­рылыс елді мекенінде жал­ғасын табуда.

Сердалы ШАЛБАЕВ,
КСРО денсаулық сақтау
саласының үздігі.
Жаңақұрылыс ауылдық
ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Арал ауданы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<