Жаңқожа батырды жырлады

1020

0

Облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаты, халықаралық ақын-жыраулар одағының мүшесі Марат Сүгірбайдың жыр кеші өтті. Қызылорда облыстық филармониясының 50 жылдығы аясында Орнықбай Сұлтановтың даңқты қолбасшы Жанқожа батыр ерлігі баяндалған «Батыр баба» дастанын жырлады.

Кеш «Томирис» би ансамблінің қойылымымен ашылды. Дастанды Марат Бердібайұлы бір жарым сағат тапжылмай жырлап, көрермен қауымның құлақ құрышын қандырды. Дәстүрлі өнер дегенде  ішкен  асын жерге қоятын көрерменнің көңілі толқыды. «Халық үшін намысқа, қазам жетсе, өлгенім» деп Отан үшін жанқиярлық танытқан батырдың рухы асқақтаған кеш болды.

− Сырдың елі, жырдың елінде дастан жырлау өнері тыңдарманын таппаса ауыр сын болар еді, ал егер бұл өнер насихатталмаса тіпті қиын ғой. Кеш әдемі өтті. Батыр бабаның ерлігі жырланса, оны Мараттай талант жырласа кештің әсерлі өтуі де сөзсіз еді. Көрермен жырауға шабыт берді, жырау алқалы жұрттың көңілінен шыға білді. Керемет үйлесім. Дәстүрлі өнеріміздің көкжиегі кеңейе берсін! Кешке арнаған уақыт зая кетпеді. Ұлттық өнерге қошемет білдіріп,  рухани күш алдық. Ұлттық өнерімізден сусындасын, тыңдап үйренсін, сөз қадірін, тіл қадірін сезінсін деп балаларын ертіп келген көрермендерге қуандық, −  деді облыстық филармония директорының орынбасары Азиза Іздіқұлова.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<