Жапонияда көлік балабақшаға кіріп кетті, бірнеше бала зардап шеккен

565

0

Жапонияның Саппоро қаласында болған жол-көлік апатынан жеті адам зардап шекті. Олардың арасын 5 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Қала қиылысында үш автокөлік соқтығысқан. Салдарынан көліктердің бірі жолға жақын орналасқан балабақша ғимаратын қиратты. Автомобиль балабақшаның алдыңғы есігі пен шыны қабырғаны соққан күйі ішке кіріп кеткен. Салдарынан ғимарат ішіндегі балалар мен тәрбиешілер түрлі жарақат алды. Дегенмен олардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<