Жаратылыстану ғылымы: жаһандық жаңару

469

0

Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебінде «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті мен Қызылорда қалалық білім бөлімінің бірлескен «Жаратылыстану ғылымы: жаһандық жаңару» тақырыбында облыстық форсайт-сессия отырысы өтті.

Биология, химия және география бағыты бойынша мәселелерді талқылауға арналған сессия жұмысына «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының тренері Орынкүл Жұматайқызы, химия, биология, география пәні мұғалімдері қатысты.

Мектептің жұмысы оқу-әдістемелік, тәрбие-қоғамдық жұмыстар, ғылыми-ізденіс бағыттары бойынша көрсетілді.

Мектеп оқушылары қонақтарды «Green Study» жылыжай орталығында, Метеорология алаңында зертханалық бағыттағы жұмыстармен, тәрбие бағытындағы негізгі 6 кіші мектеп жобасымен таныстырып, «Ғылыми бағдар беру шеберханасы» аясында ғылыми жұмыстар галереясын көрсетті.

Оқу-әдістемелік бағытта жаратылыстану пәні мұғалімдері «Кибербілім беру және оқыту», «Биология метатанымы – функционалдық сауаттылық», «Цифрлық білім беру геосферасы» тақырыптарында шебер-сынып көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісті.

«Қазіргі білім және ғылым: инновациялық технологиялар» тақырыбындағы форсайт-сессиясын филиал тренері Орынкүл Жұматайқызы жүргізді. Сессия барысында ғылым жолындағы нақты проблемалар ұсынылып, шешімін табу жолдары қарастырылды.

Педагогтеріміздің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, білім алушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстарымен үздіксіз айналысуына жол ашатын мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын таба бермек!

Орынкүл МЫХАНОВА,

«Өрлеу» Қызылорда

облысы бойынша

филиалының тренері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<